«Алаштың даңқты ұлы, көрнекті қазақ ақындарының бірі, этнограф, ойшыл және ғалым Мәшһүр-Жүсіп Көпеевтің туғанына 165 жыл» блицтурнирі
2023 жылы 12 қазан күні «Жәлел Қизатов атындағы ауыл шаруашылығы колледжі» ҚМҚК кітапханасында «Оқуға құштар колледж» жобасын жүзеге асыру аясында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушылары Тойшибекова Р.Д. және Бейсенбина М.К. ұйымдастыруымен «Алаштың даңқты ұлы, көрнекті қазақ ақындарының бірі, этнограф, ойшыл және ғалым Мәшһүр-Жүсіп Көпеевтің туғанына 165 жыл» атты блицтурнир «Агрономия» мамандығының 13 топ студенттерімен өткізілді. Блицтурнир өткізудің мақсаты: қазақ ақыны, ойшыл, тарихшының шығармашылығымен таныстыру, халқымыздың мәдениетіне, оның тарихына, әдебиетіне құрметпен қарауды дамыту және Мәшһүр Жүсіптің өмірі мен қызметі мысалында азаматтық, патриоттық сезімдерді тәрбиелеу болып табылады. Іс шара барысында студенттер жұптық жұмыста мәліметтермен алмасты, сөзжұмбақтар құрастырды және төрт-төрттен бірлесіп, ақынның аты-жөнін ақ қағаз бетіне жазды. Блицтурнир өте тартымды, әрі қызықты өтті.

